Киіз басу дәстүрі

Киіз басу – көшпенді халықтардың көнеден келе жатқан қолөнері. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Киіз үйді баспана еткен халықтар киізден тұрмысқа қажет түрлі заттар, қолөнер бұйымдарын жасаған. Бүгінде бұл өнерді кәсіп етіп, жалғастырып келе жатқан шеберлер жоқ емес. Мысалы, белгілі суретші Ботагөз Төлеш киіз басудан шеберлік сағаттарын жиі өткізіп тұрады. Келушілер үшін киіз басудың ең көне тәсілі – сумен басу таңдалыпты. Олар 1-2 сағат ішінде өз қолдарымен әсем гүл жасамақ. Бір қарағанда, оңай көрінгенімен, Бұл істің қыр-сырын үйренуге біраз уақыт қажет.

БОТАГӨЗ ТӨЛЕШ, ШЕБЕР:

 - Жұмыс істейтін материалды, жүнді біз жақсы сезінуіміз керек. Оның қаншалықты қалың, қаншалықты жұқа алу керек екенін және оны қойған кезде қандай ретімен деген сияқты әдістері бар. 5-6 сабақ мұғаліммен жұмыс жасап, ары қарай өзінің техникасын ұштастырса, үйренуге болады.

КАРИНА КУДРЯВЦЕВА, ҚАТЫСУШЫ:

 - Киіз басу ісімен бірінші рет айналысып жатырмын. Бұл маған өте қатты ұнайды. Сабақтың басында тоқыма жіпті алып, гүл жасадық. Одан кейін кішкене әдемірек болу үшін тағы да бірнеше түрлі жіптерді қостық. Әдемі гүл шығарып, оның үстіне сусабынмен жатқыздық.

Гүл иленген соң, жапырақтарына пішін беріледі. Кейін көлеміне қарай кептіліріледі. Осымен киізден басылған бұйым дайын.