Белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов 70 жасқа толды

«Өмір өзені». Белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов өнерсүйер қауымға өзінің жаңа жобаларын ұсынды. Биыл 70 жылдық мерейтойын атап өтетін сазгер өзінің тыңдармандарын таң қалдырудан жалықпайды. Жүздеген танымал туындының авторы кеш барысында тың жобаларының тұсаукесерін өткізді. «Бұл туындылар шабытқа толы ма, жоқ па, оған мен төреші емеспін. Алайда олардың әрқайсысында менің өмірімнің бір бөлшегін табуға болады», - дейді автор.

ТӨЛЕГЕН МҰХАМЕДЖАНОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - «Өмір өзені» альбомы арқылы өз шығармашылығыма өзгеше көзқараспен қарадым деуге болады. Альбомға түрлі кезеңдерде жазған әуендерім енді. Сондықтан олардың мен үшін орны ерекше. Бәрін біріктіру, іріктеу оңай болмады. Бірнеше ресейлік әртістермен жұмыс істедім. Менің ойымша, бұл әуендердің бәрі ерекше шықты. Сондықтан оны мейлінше көп жан істесе деймін.

Бұл – Төлеген Мұхамеджановтың 12-ші альбомы. Оған композитордың 14 туындысы енген. Олардың арасында бұрын шығармалармен қатар,  Төлеген Мұхамеджановтың соңғы аспаптық композициялары бар. «Балалық шақ әуені», «Махаббат әуені» және «Махаббат стансасы» кинофильмінің музыкасы енген. Бұдан бөлек, кездесу барысында сазгер «Жан Луна» атты «Саған махаббатпен» жаңа поэзиялық жинағын ұсынды. 

ТӨЛЕГЕН МҰХАМЕДЖАНОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Мен ақын ретінде «Жан Луна» лақап атын таңдадым. Ол қандай мағынаны білдіреді, неліктен осындай атты алдыңыз дегенді жиі сұрайды. «Жан» деген менің тегімнен, яғни Мұхамеджанов дегеннен алынды. Негізі жан сөзі қазақта өте кең мағынаны білдіреді ғой. Ал «Луна» дегеніміз «ай». Ай туған кезде кез келген адам өзінің романтикалық әлеміне сапар шегеді. Сондықтан «Жан Луна» лақап аты арқылы менің өмірге деген лирикалық көзқарасымды жеткізбек болдым. Негізі мен музыкада да, поэзияда да лирикпін, романтикпін. Ішінде сан алуан сезім мен оқиға сыйдырған өз туындыларыммен бөлісіп отырмын. Музыка мен өлең арқылы өзімнің өмірге деген көзқарасымды жеткіздім.

Төлеген Мұхамеджанов шығармашылығы шетелдік оқырман тарапынан да әрдайым зор қолдауға ие. Оның өз сезімін білдірген «Объяснение в любви» атты жинағы Мәскеуде 2 апта ішінде сатылып кеткен. Кейін ақынның өлеңдері  Парижде де таныла бастады. Жан Луна «Дель Мундо» жазушылар одағына еніп отыр.