Астананың Ұлттық музейінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмесі өтті

Астананың Ұлттық музейінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмесі өтті

Астананың Ұлттық музейінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала мұрасы» сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесі өтті. Мұнда қазақ халқының қолөнер дәстүрлерін жалғап келе жатқан жас шеберлердің тері, ағаш, сүйек, жүн, қыштан жасаған бұйымдары қойылған. Мамандардың пікірінше, соңғы кезде қолданбалы өнерге қызығушылық танытатын жастар көбейген. Олар жұмыстарында түсі, композициялық, құрылымдық шешім, тұтастық дүниесі секілді ғылыми заңдылықтарға мән бере бастаған.  

 

БАЙҚОҢЫР ИЖАНОВ,  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:  

Гобилен, ши тоқу, жүннен тоқу болатын болса, оның енді жаңа технологиялық ерекшеліктерін меңгеріп жатыр. Мысалы кигіздің бетіне түрлі-түсті боялған жүннен коллоридті, әдемі, құнды композиция жасау. Инеменен шаншып отырып шығару, әрине, ол екінің бірінің шыдамы жете беретін дүние емес, десе де балалар қатты қызығып жатыр. 

 

Марк Моррисон - Америкадан келген турист. Қазақ жеріне келмес бұрын, халқымыздың тілі мен мәдениетін біраз зерттепті. «Бүгінгі көрмеден ерекше әсер алдым», - дейді ол.

 

МАРК МОРРИСОН, ТУРИСТ:

Біз саяхат аясында Сингапур, Токио секілді көптеген қалалардағы галереяларда болдық. Қазақстандағы заманауи қолданбалы өнер көрмесін тамашалай отырып бұл өнердің қазақ жерінде дамыған мемлекеттердегідей жоғары деңгейде екенін көріп отырмыз. Мұндағы бұйымдардан көшпелі халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігін көруге болады. Барлығы өте жоғары дейгейде.

 

Көрме аясында қол өнеріне қызығушылық танытқандарға шеберлік дәрістері де өткізілді. Шараның өтуіне ұлттық сурет галереясы мұрындық болған.

 

Сурет: nag-astana.kz