"Астана Операның" сахнасында "Евгений Онегин" балеті қойылды

Елордаға Борис Эйфман атындағы Санкт-Петербордың академиялық балет театры келді. Труппаның орындауындағы  Пушкин романының желісімен Чайковский мен Ситковецкийдің музыкасына жазылған  «Евгений Онегин» балеті «Астана Опера» театрының сахнасында алғаш рет қойылды. Басты партияларды белгілі бишілер орындайды. Онегин рөлінде -  Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Ресей Федерациясы Президенті сыйлығының иегері, «Алтын бетперде», «Алтын Софит» сыйлықтарының лауреаты Олег Габышев. Татьяна рөлінде -  халықаралық байқаулардың жеңімпазы, «Алтын бетперде», «Алтын Софит» сыйлықтарының лауреаты  Мария Абашова. Айта кетейік, Борис Эйфманның есімі үнемі қызықты көркемдік тәжірибелермен және классикалық шығармалардың батыл орындалуымен байланыстырылады.

 

Олег Габышев, Онегин партиясын орындаушы:

Біз бәріміз аздаған қобалжу үстіндеміз. Қалай дегенмен, бұл сахнада алғаш рет өнер көрсетудеміз. Астаналық көрермендердің көңілінен шығу үшін әрине тырысып бағамыз. Қойылымды жақсы бағалар деген үміттеміз.

 

 

 

Сурет: Geometria.ru