«Астана Опера» театрының солисі Бақтияр Адамжан Түркияда топ жарды

«Астана Опера» театрының солисі Бақтияр Адамжан Түркияда топ жарды

Ыстамбұлда өткен Балет әртістерінің 5-халықаралық байқауында жерлесіміз, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Бақтияр Адамжан бас жүлдені жеңіп алды. Тартысты сайысқа Қазақстан, Канада, Жапония, Оңтүстік Корея мен Африка, Австралия, Бразилия, Ресей мен Түркия және өзге де елдің ең үздік өнерпаздары қатысып, бақ сынасты. Қазылар алқасы 3 кезеңнен тұратын байқаудың ақтық сынына сүрінбей шыққан Бақтияр Адамжанның өнерін жоғары бағалап, бірауыздан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар деп таныды. Тіпті қазақстандық өнерпаздың биін алғаш тамашалаған қытайдың белгілі хореографы Исян Чжан әртістің стилі мен физикалық мүмкіндігі үйлесім тапқанын айрықша атап өтіп, оның болашағына зор үміт артатынын айтты. Ал Бақтиярдың өзі «қанатыма жел бітірген жеңістен соң бұрынғыдан да көп жұмыс істеп, биік мақсатқа қол жеткізгім келеді» - деді.