"Бала дауысы" ұлттық ән байқауына іріктеу басталды

Астанада «Бала дауысы» 1-ші ұлттық ән байқауына іріктеу басталды. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараға 7 мен 13 жас аралығындағы жеткіншектер қатыса алады. Мамыр айында басталған байқауда бірқатар өңірлерде іріктеу өтті. Еліміздегі белгілі продюсерлер мен кәсіби әншілер ең үздік дауысты анықтайды.  15-ші қыркүйектен бастап жүзден жүйрік шыққандар Алматы қаласындағы студия-театрда тәлім алып, шеберліктерін шыңдауға талпынбақ. Ал күллі қазақстандықтар көз тіккен ұлттық байқаудың финалы қарашаға жоспарланған. Ақтық сынға сүрінбей жетіп, бас бәйгені қанжығасына байлаған бүлдіршінге музыкалық мектепте оқу гранты табысталады.

 

Данияр ӨТЕГЕН ӘНШІ:

Ең бірінші талаптар дауысқа байланысты. Бірақ, қазіргі кезде сахнада жүретін әртістер жан жақты болуы керек. Сондықтан, бала ашық болуы керек, сахнада өз өзін ұстай білуі керек, сөйлеу алу керек, камера алдында қорықпау керек.