«Ұлттық музей сенің қалаңда!» республикалық мәдени шарасы басталды

«Ұлттық музей сенің қалаңда!» республикалық мәдени шарасы басталды

«Алтын адам» жәдігері Оралға  жеткізілді. Республика аумағында  «Ұлттық музей сенің қалаңда!»  атты ауқымды мәдени шара басталды. Тұтастай алтынмен апталған құнды жәдігер 1970-ші жылдардың басында Алматы облысының аумағындағы  Есік қаласынан табылған болатын. Сақ тайпасына көсем болған жас жігіт  кейін еліміздің азаттық символына айналды. Сақ сарбазының киімі  барыс, арқар мен таутеке бейнесіндегі төрт мыңдай алтын әшекеймен безендірілген. Ұлттық нақышқа бай көне дәуір мұрасы сол кезеңнің тарихы мен мәдениетінен мол мағұлмат беретіндігімен ерекше құнды. Құнды  жәдігер жыл соңына дейін еліміздің барлық өңірін түгел аралап шығады.  

 

Ардақ ҚОЖАТАЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Орал қаласы өнер мен мәдениеттің өркен жайған жері, саңлақ тұлғалардың ізі қалған киелі мекен. Сол себепті осы өңірден бастау алып отыр.  Алдағы уақыттта осы жылдың соңына дейін ҚР-сының барлық қалаларын, аймақтарын, өңірлерін аралап, осы көрмеге ҚР едігіне, тәуелсіздігінің елдігіне айналған «Алтын адам» жәдігер экспонаты қойылады.

 

 

 

Сурет: oraloniri.kz


×