«Қаз қонақ» ескерткішін сақтап қалу шаралары

«Қаз қонақ» ескерткішін сақтап қалу шаралары

Әлемнің 20 бірегей палеонтологиялық ескерткіштерінің қатарына жататын Павлодардағы «Қаз қонақтың» тағдырына шенеуніктер алаңдаулы. Облыс басшылығы Ертістің жағасында орынға келіп, ғалымдармен кеңес өткізді. Ескерткіш қараусыз қалғандықтан, жыл сайын Ертістің жағасы шайылып кетуде. Енді ескеркіш орын алып жатқан екі гектар жер алдымен қоршалып, ғалымдардың көмегімен ғылыми сараптама жүргізіліп, нысан аумағы  абаттандырылады. Осылайша, «Қаз қонақ» аспан астындағы мәдени орынға айналып қана қоймай, туристік әлеуеті де артпақ.

 

Болат БАҚАУОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз ғалымдармен келіп, шекарасын көрдік. Қандай болатынын «Қаз қонақтың», парк, осы жерде шағын қоршау керек, нақты границалары. Одан кейін «Жасыл ел» мұнда жұмыс істейді. Біз жолдар саламыз, осы жерге адам жүретін жолдарды.

 

Валентина АЛИЯСОВА, ЖАЛПЫ БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ (ПМПИ):

Облыс билігінің «Қаз қонақтың» мәселесін шешуге бет бұрғанына қуаныштымыз. Енді бірегей палеонтологиялық ескерткіштың аумағы реттеледі. Кейін туристер келетін аспан астындағы мәдени ошаққа айналады деген сенім бар.

 

 

 

Сурет: rgmedia.kz