Төлеубек Жақыпбайұлының "Қыран" жинағы жарыққа шықты

Төлеубек Жақыпбайұлының

Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайында жазушы Төлеубек Жақыпбайұлының «Қыран» жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Төлеубек Жақыпбайұлы тағдырдың сан түрлі тауқыметін басынан өткеріп, өмірден ерте кеткен қаламгер. Жастық шағында халқымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың батасын алып, қысқа ғұмырын шығармашылыққа арнады. Оның «Қыран туралы хикая», «Асан ата»,«Мен қалай түзелдім» және «Лашын» сынды шығармалары әдебиет сыншылары тарапынан жоғары баға алған. Дара жазушының хикаяттары мен әңгімелері, ертегілері, очерктері бір томдық кітапқа топтастырылып отыр. «Қыран» жинағы 3 мың дана болып шығарылып еліміздің барлық кітапханаларына таратылды.  

 

Несіпбек АЙТҰЛЫ, АҚЫН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ:

Төлеубек жалпы мынау көшпенді өмірді, 19-20 ғасырдағы қазақ тұрмысын, өте жақсы жазатын, сезініп өскен бала. Оның шығармаларында қазақы мінез, аңшылық, саятшылық туралы өте керемет жазады.


×