Германияда мыңға тарта әуесқой музыкант концерт қойды

Германияда мыңға тарта әуесқой музыкант концерт қойды

Берлиндегі сауда орталығында атақты дирижер Кент Нагано бастаған 900-ден астам әуесқой музыкант күтпеген жерден концерт қойды. Бұл шараны неміс симфониялық оркестрі ұйымдастырған екен. Әлемдік деңгейдегі дирижердің сүйемелдеуімен Верди, Вагнер және Бизе сияқты атақты композиторлардың шығармалары орындалды. Флешмобтың негізгі мақсаты - кәсіби артистермен бірлесе өнер көрсетуге мүмкіндік алған әуесқой музыканттардың ынтасы мен қызығушылығын арттыру. Концертке 5 жасар бүлдіршіннен бастап жасы 82-ге келген өнерпазға дейін қатысты. Олардың өнерін тамашалауға 1,5 мың көрермен жиналды.  

 

Карстен ЙЕНС, ӘУЕСҚОЙ МУЗЫКАНТ:

Бұл өте керемет болды. Өзім әуесқой музыкант бола тұра, үлкен аудиторияның алдына шығуға мүмкіндік алдым. Қаптаған виолончельдің ортасында аккордеонда ойнау маған баға жетпес әсер қалдырды.