Елордада «Бір шаңырақ астында» концерті өтті

Елордада «Бір шаңырақ астында» концерті өтті

«Бір шаңырақ астында». Қазақстан халқының бірлігі күні Астана-Опера театрында өткен мерекелік концерт осылай аталады. Концертте қазақстандық композитор-классиктердің симфониялық музыкасы, ариялары мен белгілі операларынан көрініс қойылып, қазақ, орыс, украин, башқұрт және басқа да халық әндері мен билері орындалды. Ұлттық музыка дәстүрінің ең бай үлгілері әлем халықтарының шығармаларымен ұсынылды.

 

Дина ХАМЗИНА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 

Біздер үшін, халық үшін ең бірінші мақсатымыз ғой біздің, Тыныштық болса екен деп, әрбір халық, әр шаңырақ, әр отбасы армандайды. Сондықтан, біздің концерттік бағдарлама да соған байланысты, халықаралық ынтымақ күніне байланысты.

 

Сурет: yvision.kz