«Астана Операда» флейталық музыка кеші өтеді

«Астана Операда» флейталық музыка кеші өтеді

Астаналық театрда белгілі қазақстандық музыкант және тамаша педагог, профессор Қайролла Жұмакеновті еске алуға арналған флейталық музыка кеші өтеді, деп жазады 24.kz. «Ұстазға арнау» атты концерті 19 сәуірде «Астана Опера» Камералық залында «Қазақстанның алтын флейтасының» құрметіне ұсынылады. Кеш бағдарламасында Қ.Жұмакеновтің концерттік репертуарына енген әлемдік классика жауһарлары, заманауи қазақстандық, батысеуропалық және орыс композиторларының және т.б. шығармалары орындалады. Тыңдарманға Ж.Кастередтің «Флейталар каникулда», Ф.Купереннің «Тик-ток-шок, немесе кішкене балға», А.Свиридовтың «Романс», П.Чайковскийдің «Ноктюрн» және көптеген басқа шығармалар ұсынылады.



Сурет: 24.kz