"Астана балет" театры Ертіс өңірінде

«Астана Балет» театрының гастролдік сапары «Ертіс-Баян» өңірінде жалғасты. Классикалық хореографияны қала жұртшылығы екі күн қатарынан тамашалайды. Алғашқы күні көрермен назарына Рикардо Амарантенің «Gala» хореографиялық миниатюрасы ұсынылды. Бұл қойылым қазіргі хореография тілімен баяндалған Жер шарының жаратылуы жайындағы әпсанаға негізделген. Күнді айналып отыратын ғажайып жердегі түрлі құбылыстардың құпиясын ашуға тырысқан қойылым көрерменін ерекше әсерге бөледі.

 

Айгүл ТӘТИ, БАС БАЛЕТМЕЙСТЕР:

Астана балет  театры екі жылда жинаған үлкен  бағдарламасы бұл сұрыпталып жоғары деңгейдегі  орындаушылармен жоғары деңгейдегі қойылымды таңдады. Біз бір актілі балет  «Gaia»  және «Әлем» атты бір актілі балетті ұсынып отырмыз. Екінші күні көп ұлттық қойылым ол көп ұлттық билерден тұрады.

 

Амантай СӘРСЕБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Әнші бишілер өздеріңіз білесіздер толып жатыр ғой бармыз құдайға шүкір. Ал мына балет өнері дегенді елдің көбі білмейді солардың бірі біз болып тұрмыз. Сондықтан  бұл кісілерге, осы ұжымға мол табыс тілейміз.

 

 

 

Сурет: 365info.kz