М.Омаров әнімен америка жұртын тәнті етті

М.Омаров әнімен америка жұртын тәнті етті

Қазақтың "Арман қала - Астана", "Қыз сыны", "Анашым" әндерін АҚШ-тың Хьюстон, Майами, Нью-Йорк сынды қалаларындағы жұртшылық сүйсіне тыңдады. Наурыз мерекесіне арналған гастрольдік сапары аясында Америкаға барған әнші Марат Омаровты концерт залдары мен ашық алаңдарда жиналған мыңдаған шетелдіктер мен ұлттық әуенге сусаған қандастарымыз зор қошеметпен қарсы алды. Ал Техас штатындағы қазақстандықтар мейманды қазақ ауылында қонақ етті. Хьюстон мен  Бруклин мэрияларының өкілдері алаңға арнайы келіп, халықтарды достастыруда осындай мәдени байланыстың берері мол екендігін айтты.

 

Марат ОМАРОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 

Америка өнерді жоғары бағалайды екен. Қазақстанды, әсіресе ұлттық құндылығымызды, салт-дәстүрімізді, қолөнерімізді бағалайды. Өте қуаныштымыз. Ұлттық өнеріміз әрқашан биікке шыға берсін.

 

Сурет: www.stihi.ru