«Астана Опера» театрының жетекші солисі Беларусь театрында өнер көрсетті

«Астана Опера» театрының жетекші солисі Беларусь театрында өнер көрсетті

«Астана Операның» жетекші солисі Жанат Бақтай Беларусь Республикасының Үлкен опера және балет театрында өнер көрсетті.  Ол Пуччинидің «Турандот» операсындағы Лиу партиясын орындауға Минскіге арнайы шақырылды.

 

Жаннат БАҚТАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:

 

Бұл театрдың репертуарындағы шығармалар қатары көп. Күнделікті әртүрлі спектакльдер өтіп жатады. Сондықтан мұндағы труппа белгілі бір спектакльге апта бойы дайындала алмайды. Бұл премьералық қойылым болғанда ертерек келіп, ұзақ мерзімге қалуға болар еді. Көрермендер қауымы опералық музыканы өте жылы қабылдады.

 

Үлкен опера және балет театры бас директорының айтуынша, Беларусь елінің талғампаз көрермендері қазақстандық опера жұлдыздарымен жақсы таныс. Өзі де "Астана опера" театрына барып, шығармашылық ортамен танысуға ниетті.

 

Владимир ГРИДЮШКО, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮЛКЕН ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 

Сіздерде де, біздің елде де мәдениетке үлкен қолдау көрсетіледі. Ең алдымен, екі мемлекеттің президенттері саланың дамуына баса назар аударады. Ал, шығармашылық адамдары үшін бұл өте маңызды. Еңбектің бағаланғаны әртістер үшін аса қымбат. 

 

Сурет: vechastana.kz