Жапон суретшілері Ұлттық музейге 9 туындысын тарту етті

Жапон суретшілері Ұлттық музейге 9 туындысын тарту етті

 «Бес суретші – бес құбылыс дәстүрлер мен жаңашылдық». Тап осындай тақырыппен бір ай бойы ұлттық музейде жапон суретшілерінің  көрмесі өтті.  Экспозицияның жабылу салтанатында күншығыс елінің қылқалам шеберлері 9 туындысын Ұлттық музейге тарту етті. Көпшілік назарына каллиграфия, нихонг көркем суреттері, тушьпен салынған және лакталған 35 туынды ұсынылған. Әрбір шығарманың өзіндік ойы, астары бар. Онда Жапонияның өткені мен бүгіні бейнеленген. Көрме екі ел өнерін дамытып, насихаттауға, мәдени байланысты нығайтуға негіз болады,-дейді жапон суретшілері.

 

Сайто НОРИХИКО, СУРЕТШІ /ЖАПОНИЯ/:

Суретшілеріміздің әлемді ұлттық тұрғыдан көруі - айрықша, бір-біріне ұқсамайтын туындылардың дүниеге келуіне сеп болады.  Астанада өткен бұл көрме екі ел арасындағы мәдени көпірге айналмақ. Алғашқы нәтижелер де бар. Көрме аясында «Шабыт» өнер университетінің студенттерімен шығармашылық кездесулер ұйымдастырып, шеберлік сыныптарын өткіздік.

 

 

 

Сурет: el.kz