Түрксой өнерпаздары БҰҰ сахнасында өнер көрсетті

Түрксой өнерпаздары БҰҰ сахнасында өнер көрсетті

Нью-Йоркте Наурыз мерекесі кеңінен атап өтілуде. БҰҰ Бас Ассамблеясының ең басты залында ТҮРКСОЙ ұйымының мұрындық болуымен түркітілдес елдердің 150 өнерпазы өз өнерлерін ортаға салды. Алғаш рет Әзербайжан, Түркия, Македония, Түркменстан, Монғолия және Қазақстанның ұлттық аспаптарынан оркестр құрылып, түркілерге тән әуендерді қонақтарға тарту етті. Түркі оркестрінде еліміздің атынан «Сазген сазы» ансамблі өнер көрсетті. Сондай-ақ, қазақстандық «Томирис»  және «Самұрық» би ұжымдарының қойылымдары да көпшіліктің көңілінен шықты. ТҮРКСОЙ делегациясын күтіп алған БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Ян Элиассон түркілердің мәдени мұрасына жоғары баға берді. Түркітілдес елдердердің өнерпаздары қатысатын мерекелік концерт енді Вашингтондағы Уорнер театрында жалғасады.

 

Халит ЧЕВИК, ТҮРКИЯНЫҢ БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 

Наурыз мерекесі барлығымызды біріктіреді.Биыл түркітілдес елдері мәдениетіміздегі ортақ тұстарды Бас Ассамблеяның отырыс залында көрсете алды. Бұл көрініс керемет болды. Қазақ халқына деген құрметімді ерекше айтып өткім келеді.

 

Яшар АЛИЕВ,  ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ  БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 

Осы концертте біз түркі әлемінің ғажайып әндерін естіп, ұлттық билерін тамашаладық. Біріккен Ұлттар ұйымының өкілдері осы көріністі тамсанып қарады. Менің ойымша ұйымдастырлыған шара жоғары деңгейде өтті.

 

Сурет: ria.ru