Мәскеуде қазақстандық суретшінің көрмесі өтті

Мәскеуде қазақстандық суретшінің көрмесі өтті

 «Сыр-шертпе»!  Осындай атаумен Мәскеудегі ұлттар үйінде қазақстандық суретші Нұрлан Әбішевтің көркем-сурет пен графикасына арналған жеке көрмесі өтіп жатыр. Онда Нью-Йорктағы "Құлпырған көктем" байқауында үздік шыққан суреттері де қойылған. «Сыр-шертпеде»  суретші туған елінің мәдениеті туралы өз шығармашылығын толық ұсынған. Өз туындыларында ол қазақ халқының ішкі әлемін, рухын, адамгершілігін толық ашып көрсете білген.

 

Ольга КАРЕЛИНА, МҰҮ КӨРМЕ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША МАМАНЫ:

Графика, бұл әрине суретшінің ең мықты жұмысы деп айтуға болады. Халықтың аңыз, ертегісі бәрі топтастырылған бұнда. Өте қызықты, біздің қызметкерлер де қонақтар да шығармашылық туындыларға таң қалды.

 

Нұрлан ӘБІШЕВ, СУРЕТШІ:  

Менің тұңғыш қызым дүниеге келгенде мен қалаға басқаша көзбен қарадым. Бұл көзқарасым 200 туындыға айналды. Менің екінші қызым өмірге келгенде, өз көркемдік стилімді қалыптастыруға жетеледі. Мен қазір өз базамды, тұғырнамамды жасап жатырмын. Жақын арада оны да таныстырамын.

 

 

 

Сурет: yvision.kz