Әлихан Бөкейхан туралы 3 тілдегі деректер жинақталды

Әлихан Бөкейхан туралы 3 тілдегі деректер жинақталды

Әлихан Бөкейхан  туралы 3 тілдегі деректер бір жинаққа топтастырылды. Оған Алаш қозғалысы жетекшісінің қызметін зерттеп, зерделеуге арналған 2009-2016 жылдар аралығында жарияланған ғылыми мақалалар мен сұхбаттар еніп отыр.

 

Сұлтан ХАН АҚҚҰЛЫ, ЖИНАҚ АВТОРЫ:

 

Бұл жинақта Әлихан Бөкейханның, Алаш қайраткерлерінің 1917 жылы Алашорда автономиялы үкіметін құрғаннан бастап, 20-25 жыл ішінде Қазақ елін екінші Жапония ету туралы арман емес, нақты жоспар болғаны туралы дәлелді пікір келтіріліп айтылады.

 

Бұл – ЮНЕСКО  көлемінде Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын атап өту аясында  шығарылатын  сериялы кітаптардың алғашқысы. Мұнымен қоса,  ұлт көсемінің өмірі мен қызметіне арналған 2 томдық кітап пен Әлихан Бөкейханның тұңғыш толық шығармалар жинағы жарық көрмек. 

 

Сурет: rus.azattyq.org