Зиялылар оқушылар мен студенттерге «Наурыз демалысын» беруді ұсынды

Зиялылар оқушылар мен студенттерге «Наурыз демалысын» беруді ұсынды

Білім қуған шәкірттер наурыздың 14-і мен 24-і  аралығында демалысқа шығулары тиіс. Зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан «Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа бағыттары» атты дөңгелек үстел барысында осындай ұсыныс түсті.  Жиналғандардың ортақ ойы әз наурызды 10 күн думандату керек дегенге саяды.  «Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтауды наурыздың 14-і «Көрісу» күнінен бастаған абзал», - деседі ел ағалары.  Академик Ғарифолла Есім «бұл - еңбектеген жастан еңкейген қарияға дейін жаппай сауық құру деген сөз емес,  5 мың жылдан астам тарихы бар мейрамның мағынасын жоймай, дәстүрін бәз-баяғы қалпында сақтаудың қамы» екендігін айтады.  Осы орайда демалысқа шыққан жастарға шежірелі әдет-ғұрып, ұлттық нақышта безендірілген киім мен дәстүрлі тағамдар кеңінен насихатталуы керек. Бұдан бөлек, ауызбіршілік пен қайырымдылыққа үндеуге бағытталған арнайы  танымдық бағдарлама құру көзделуде. 

 

Ғарифолла ЕСІМ, АКАДЕМИК, ЖАЗУШЫ:

 

Наурыз кең тойлануы үшін талай айтып келе жатырмыз 14-і көрісу кінінен 24-не дейін мектеп жасындағы балалар мен жоғарғы оқу орындарының студенттеріне демалыс берілуі керек. Оны «Наурыз демалысы» деп атаймыз. Өркениетті шет елдерде «Рождестволық каникулдар» деген бар. Оны олар тамаша өткізеді. Біз неге наурыз демалысын жасамасқа. Бұл тәрбие ғой.

 

Сурет: