Семейде шешендік өнер орталығы ашылды

Семейде  шешендік өнер орталығы ашылды

Семейде шешендік өнер орталығы ашылды. Инновациялық орталық қаладағы нөмірі 37-ші мектеп-гимназияда жұмыс істейді. Оны ұйымдастырған – халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қазақ гуманитарлық инновациялық заң университеті. Орталыққа белгілі қоғам қайраткері, қазақ тілінің жанашыры Бәтташ Сыдықұлының аты берілді. Ардақты азамат 90-жылдары қалада мемлекеттік тілде тәрбие беретін бірнеше мекемелердің ашылуына тікелей себепкер болған. Қандай биік қызметтерде жүрсе де ана тілі мен қазақ мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Мұнда шешендік өнердің қыр-сыры, жыраулар мен билердің дана сөздері, әділ шешімдері жан-жақты дәріптелетін болады. Бұл бағытта мектеп ұстаздары мен университет ғалымдары бірлесіп жұмыс атқаруға уағдаласты.

 

Үміт ӨМІРБЕКҚЫЗЫ, Б. СЫДЫҚҰЛЫНЫҢ ЖАРЫ:

Қазақ тілі қоғамына көптеген еңбегі сіңді. Қаншама мектеп ашты, қаншама детсадтар ашты. Оның бәрі ол кісінің жан-жақты жүгіріп жүрген еңбегінің ақталуы деп білемін. /СКЛ/ мынау сияқты жас балалар білімді ала берсін, егер білімді болып шықса, сол аталарының еңбегі ақталғаны болады.

 

Орал ШӘРІПБАЙ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Тіпті өзге ұлт өкілдері де осы инновациялық кабинет арқылы шешендік өнер сөздерін, мақал-мәтелдерін игеріп үлгере алады. Сондықтан халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қасында тек қана қазақ емес, өзге ұлттардың балалары да «Қазақ тілі» қоғамына мүше болып, осы орталыққа келіп, өздерінің білімдерін дамытатын ойлары бар.

 

 

 

Сурет: alashainasy.kz