Семейде көне сандық музей көрмесіне қойылды

Семейде көне сандық музей көрмесіне қойылды

Семейде 19-ғасырда жасалған сандық көрмеге қойылды. Көне жәдігерді тарихи-өлкетану музейіне жергілікті тұрғындардың бірі тапсырған. Сандық көпшілікке көрсетілмес бұрын алдымен арнайы орында мұқият қалпына келтіріліпті. Мамандардың айтуынша cалмағы 1 келінің шамасындағы сандық жолға алып жүруге арналған. Іші жұқа тақтайдан жасалып, сырты тері, металл әшекейлермен безендірілген. «Сандық дәулетті отбасының бұйымы болғаны даусыз. Оған жазғы киімдер салынған болу керек» дейді, музей қызметкерлері.

 

Гүлнұр ТӨРТЕНОВА, ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ МАМАНЫ:

 

Әкелген кезде бұл сандық өте көне болғандықтан, сынған болғандықтан, біздің қаламызда осы бздің музейменен бізбен бірге бірлесе жұмыс істейтін қаламыздың жергілікті қол шебері Жармақ Мұқажанов деген азамат сол кісі бұл сандықты қайтадан жөндеу жұмыстарынан өткізіп әкеліп отыр. Бүгін сырт бейнесі жақсы көрінеді. Біздің музей қорында мұндай сандықтар болған жоқ, асадал, кебеже, ескі сандықтар бар. Бірақ осындай көне жол журуде алып журуге ыңғайлы сандықтар болған емес. 

 

Сурет: www.mosbuild.com