Астаналық симфониялық оркестрдің концерті Санкт-Петербург қаласында болды

Астаналық симфониялық оркестрдің концерті Санкт-Петербург қаласында болды

«Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының симфониялық оркестрі Санкт-Петербург қаласында гастрольдік сапармен болды. Қазақ музыканттары атақты Мариин театрының залында концерт берді.

 

Музыка кеші Тілес Қажығалиевтің «Дала аңызы» туындысымен басталды. Дирижер - еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

 

Валерий ГЕРГИЕВ, МАРИИН ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ, РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

 

Маған бүгінгі кеште, өмірден ерте кеткен, талантты компазитор  Тілес Қажығалиевтің керемет туындысы ойналғаны қуантты. Оны оркестр дирижердің сүйемелдеуімен керемет орындап шықты. Бұл Петербургтегі премьера болды. Бұл шығарма Қазақстандағы  дсотарымыз үшін қазіргі классикалық музыканың, ұлттық музыканың беткеұстар туындысы болуы керек деп ойлаймын.

 

Абзал МҰХИТДИНОВ ДИРИЖЕР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 

Былтыр біз Америкада Карнеги холлда өнерімізді көрсеттік. Сосын Парижде Бастилия операда болдық.  Бірақ мына зал ерекше. Мұнда көбінесе, былай қарасақ, Чайковсикйдің өзі тұрып дирижерлік еткен кезінде. Енді музыкант үшін өте киелі жер.

 

Содан соң астаналық оркестрге әлемге әйгілі маэстро Валерий Гергиевтің өзі дирижерлік етті. Өзге ұжымға өте сирек жетекшілік жасайтын Ресейдің халық әртісі Ян Сибелиустың скрипкаға арналған концертін, Сергей Прокофьевтің «Ромео мен Джульеттасын» ұсынды.

 

Юрий АЛЕКСАНДРОВ, САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ОПЕРА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ, РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

 

Бұл Петербург жұртшылығы үшін де елеулі оқиға дер  едім. Себебі шетелдік оркестрлер бізге жиі келе бермейді. Астаналық музыканттар үшін де бүгін жақсы тәжірибе болды. Себебі олар керемет акустикасы бар бірегей залда өнер көрсетті.

 

Астана опера мен Мариин театрының әртістері үшін, бір-біріне алма-кезек гастрөлдік сапармен барып тұру, игі дәстүрге айналды. Себебі мұндай барыс-келіс қос тарапқа да  пайдалы. Бастысы - көрермен риза.

 

Сурет: kz.otyrar.kz