Барселонада жарық фестивалі өткізілді

Барселонада жарық фестивалі өткізілді

Испан жерінде өткізілген жарық фестиваліне осы салада аты шыққан дизайнерлер әлемнің түкпір-түкпірінен жиналды. LLUM BCN деп аталатын жарық мерекесі Барселонада қатарынан төрт кеш бойы келушілерді қуантты. Оның барысында қаладағы зәулім ғимараттар мен парктер, сондай-ақ модернистік сәулет өнерінің туындылары иллюминация көмегімен алуан түрлі түске боялып, жарқ-жұрқ етті. Ал қаланың кейбір аудандарындағы ғимарат қабырғасында жалт-жұлт етіп ойнаған жарық екпінді әуенмен сүйемелденіп, келушілердің шат көңілдерін одан әрі көтере түсті. Бұл күндері Барселонаның кейбір көрікті орындарына бару жұрт үшін мүлде тегін болды, деп хабарлайды 24.kz.
 

Сурет: 24.kz