Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылық кеші өтті

Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылық кеші өтті

«Домбыра туралы баллада», «Салем саған туған ел», «Ғашықтар жыры», «Қарағым-ай» сынды құлақ құрышын қандырардай әуезді әуенімен тыңдарманның жүрегіне жол тапқан белгілі композитор, 200-ден астам әннің авторы Кеңес Дүйсекеевтің туғанына - 70 жыл. Осыған орай, Елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде шығармашылық кеш өтті. Жастар композитордың туындыларын орындап, өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Бұл кеш Дүйсекеев қолтаңбасының айрықша қасиеттері көңілге қонымдылығында, музыка тілінің мәнерлілігінде екендігін тағы бір мәрте дәлелдегендей. Концертте автордың симфониялық туындыларымен қатар, эстрадалық әндері де орындалды.

 

Кеңес ДҮЙСЕКЕЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, КОМПОЗИТОР:

 

Осы университетте композиторлар дайындайтын кафедрада профессормын. 5-6 шәкіртім бар. Жылда бітіріп жатыр, Оқып жатыр талантты балалар. Қазақтың кең даласында талантты балалар жеткілікті. Мен 70-ке келдім деп марқайып отыратын шама жоқ. Себебі, творчествоның адамымыз.

 

Майра ІЛИЯСОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ, ӘНШІ:

 

Кеңес ағамыз тек қана эстрадалық ән жазбаған. Бұл кісінің кермет симфониялық музыкалары бар. Талғамы өте биік. Менің өз басым өте үлкен өнер қайраткері ретінде, парасат орденінің иегері ретінде қатты құрметтеймін. Кеңес ағамыздың осы мерейтойына қарсы біздің мемлекеттік сыйлықтың лауреатына ұсынып отыр біздің университет атынан. Мен шын жүректен тілектестіп.  

 

Сурет: www.astana-akshamy.kz