Алматыда «Қоштасқым келмейді» драмасының премьерасы өтті

Алматыда «Қоштасқым келмейді» драмасының премьерасы өтті

Алматыдағы Мұхтар Әуезов театрында «Қоштасқым келмейді» драмасының премьерасы өтті. Қойылымға орыс жазушысы Александр Володиннің  «С любимыми не расставайтесь» атты шығармасы арқау болған. Оны аударған ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Асхат Маемиров. Режиссер бұл спектакльде отбасы мәселесі, махаббат пен сезім, ерлі-зайыптылар арасындағы түрлі қарым-қатынастарды және ажырасудың себеп-салдарын көрсетуге тырысқан. Болмашы дүниеге ұрысып, шаңырақтың берекесін кетіріп, ерлі-зайыптылардың бірін-бірі тыңдаудан, түсінуден қалғаны сыналады. Қойылымның ерекшелігі ешқандай қиындыққа қарамастан, отбасын сақтап қалу керек екенін актерлар көрермендермен сырласу арқылы жеткізбекке тырысады.

 

Асхат МАЕМИРОВ, РЕЖИССЕР:

 

Жалпы, махаббат пен ғадауат дейміз, достық, осы сезімдердің өзегі неде жатыр, адам кездесетін болса, неге қоштасады, осынадй ұғымдардың мәнін іздейді, мағынасын ашуға тырысамыз. Сосын соларға жауап беріп, көрерменді ойлантуға, санасына әсер етуге тырыстық.

 

Абзалбек АСХАТҰЛЫ, АКТЕР:

 

Бұл қойылым өте ауыр қойылым. Өйткені, бұл - театрдағы ең алғашқы рөлім, әрі премьера. Образ ашудан, кейіпкерімді ашудан өте қиын болды.

 

Сурет: and.kz