Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кітап көрмесі

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кітап көрмесі

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды. «Тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік» атты көрмеге Қазақстанның қазыналы тарихын ашып көрсететін көркем әдебиет, экономика мен саясат саласындағы ғылыми еңбектер қойылды. Ұйымдастырушылар Қазақ елінің даму тарихындағы уақыт пен ұрпақтар сабақтастығын көрсетіп, жастарды патриоттыққа баулуды мақсат еткен. Шара поэзия марафонына ұласты.  Жиын барысында ақын Серік Тұрғынбеков пен айтыс пен жазба поэзияны қатар алып жүрген Дәулеткерей Кәпұлы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік медалмен марапатталды.

 

Серік ТҰРҒЫНБЕКОВ, АҚЫН:

 

Өзіміз көзіміз жетіп, көңіл сүйсінетін бір мерекелік шаралар болады. Оның басы да, тұғыры да, әрине, тәуелсіздік. Сондықтан бүгінгі шара әрдайым өзінің жалғасын тауып, барлық жерде жарқырап өтіп жатса, сонда ғана тәуелсіздіктің алауын жағып жарқыратып, тәуелсіздіктің нұрын шалқыта берер едік.   

 

Сурет: www.publy.ru