Елордада Қытай жаңа жылының құрметіне концерт өтті

Елордада Қытай жаңа жылының құрметіне концерт өтті

Елордада Қытай жаңа жылының құрметіне дәстүрлі гала-концерт өтті. Кеш қонақтарының назарына ауқымды бағдарлама ұсынылды. Көрермендер аспан асты елінің ұлттық би, ән, музыкалық аспаптар және цирк өнерін тамашалады. Шыңжаң опера және балет ансамблінің ұжымы Қытайдың ежелден сақталып келе жатқан дәстүрінің ерекшеліктерін айшықтай түсті. Шығыстың ай күнтізбесі бойынша, биылғы жыл ақпанның 7-інен 8-іне қараған түні жаңарады екен. 12 жануардың аты берілген жылдар табиғаттың 5 тылсым күшімен үйлесіп, бірін-бірі жалғай түседі.  Қытай халқы «Чуньцзе» деп атайтын  көктем мерекесін  бір апта бойы жаппай тойлайды. Елордадағы концертке отандық сахна саңылақтары да үлес қосты.  Қос мемлекеттің өнерін сабақтастырған мәдени шара осымен 7-ші мәрте өткізіліп отыр.

                                                                                                                              

Чен ГО, ШЫҢЖАҢ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Біз Қазақстанға жиі келіп, өнерімізді паш етіп тұрамыз. Әрқашан зал лық толы. Жергілікті тұрғындар Қытай халқының ұлттық мерекесіне ортақтасып жатқанын өте жоғары бағалаймыз. Сондықтан биыл арнайы жаңа бағдарлама әзірлеп әкелдік. Тіпті, кей нөмірлер әлі Қытайда көрсетілген жоқ,  тұсауы осы сахнада кесілді.  Бұл – қос ел халықтарының арасындағы достықтың белгісі. Мәдени байланысымыз үзілмей, ынтымақтастық  нығайя түсетініне сенімдімін.

 

Сурет: baq.kz