Елордада суретші Сергей Елисеевтің жеке көрмесі ашылды

Елордада суретші Сергей Елисеевтің жеке көрмесі ашылды

Суретті ерекше тәсілмен салатын шығысқазақстандық қылқалам шеберінің көрмесі елордада ашылды. Сергей Елисеев ашық жарқын түсті пейзаждарды қолының емес, иегінің көмегімен салуға әбден бейімделген. Денсаулық жағдайына байланысты көрмеге суретшінің өзі келе алмағанымен, көрермендерге айтпағын туындылары  арқылы жеткізді. Сергей Елисеев өзінің алғашқы еңбектерін осыдан 20 жыл бұрын сала бастапты. Қазіргі таңда автордың картиналарында бейнеленетін тақырыптар да кеңеюде. Ерекше көрме астаналықтарды 2 аптадай қуантпақ. Кейін экспозиция Алматыда көрсетіледі деп жоспарлануда.

 

Нұржази ҚАЛИЕВА, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨНЕР МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Бұл жұмыстарды барлығын спонсорлар Сергейге көмек ретінде сатып алған. Кәсіби деңгейде жұмыс істейді деп айта алмаймын. Бірақ Сергейдің аяғы мен қолы жұмыс істемейді. Өзінің иегімен жазады. Сол жағынан өте қызықты деп ойлаймын. 

 

Сурет: kudago.com