Жастар театры "Сұлу мен суретші" қойылымын ұсынды

Жастар театры

Елордалық Жастар театрында жаңа туынды! Саф таза өнер мен кіршіксіз махаббат. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай көрерменге драматург Талаптан Ахметжанның «Сұлу мен суретші» қойылымын ұсынды. Заманауи шығармада тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина сұлу образына енсе, суретшінің бейінесін «Дарын» мемлекеттік  жастар сыйлығының лауреаты Әділ Ахметов сомдады. Оқиға желісіндегі ғашықтардың пәк сезімі әуезді әуен мен бейнелі бимен қатар өрілген. Бұндай үйлесім сахна сұлулығын өзгеше қырынан көрсетуге мүмкіндік берді, дейді театр өкілдері.

 

Бекболат ҚҰРМАНҚОЖАЕВ, ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ:

 

Махаббатты ұмытпайық деген тұрғыда қойылған дүние. Екі жастың ішіндегі жан құбылысын, олардың сөзбен жеткізе алмай жатқан дүниесін пластика арқылы көпшілік сахнаға жеткізеді. Сол тұрғыдан бұл спектакль өте нәзік, өте сүйкімді. Әсіресе, жастарға махаббат жайлы ой тастайды деген ниетте қойылған.

  

Репертуарында 30-ға тарта қойылымы бар театр жақында көрермендерін жаңа тың туындылармен қуантпақ ойда. Жас сахна саңлақтары биылғы маусымда танымдық тарихи шығармаларды сахналауды жоспарлап отыр.

 

Ернар ЖҰМАТАЕВ, ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Жоспарымызда бар «Абылайхан», «Қыз Жібек» операсын жаңаша стильде заманауи музыкалық тілмен айтқанда, аранжировкасына дейін өзгертіп жатырмыз. Тек қана спектакльдер ғана емес, ән жағынан романс кештер берсек деген ойымыз бар.     

 

Сурет: classicfm.kz