Павлодарда ғасыр туындыларының көрмесі ашылды

Павлодарда ғасыр туындыларының көрмесі ашылды

Павлодарда қылқалам шеберлерінің ғасырдан астам тарихы бар шығармаларының көрмесі ашылды. Бейнелеу өнерінің ғажайып туындыларының  шығу тарихы сонау 1860-шы жылдан басталады. Танымал орыс суретшісі Николай КарАзин «Дозор» шығармасын Мәскеудің кадет корпусының тыңдаушысы болып жүргенде салған. Туындылардың түпнұсқалығын авторлардың қолтаңбалары айғақтайды. Көрмені ұйымдастырушылар мәртебелі жастағы суреттердің саны аз болғанымен ұлттық және әлемдік мәдениет үшін аса бағалы екенін айтады. Бұл  шығармалар өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Третьяков галереясынан келіп түскен. Сонымен қатар көрмеде 1890-шы жылдардағы Серовтың жұмыстары бар.  Ерекше туындылар  көрермен  назарына өте сирек ұсынылады. 

 

Айгүл НҰРҚАМЫСОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨРКЕМ СУРЕТ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

«Бұл көрмеде Хлудовтың да бірнеше кескіндеме туындыларын көрсеттік. Бұл суретші Қазақстанның кәсіби бейнелеу өнерінің негізін қалаушыларының бірі, үлкен еңбек сіңірген. Өмірінің соңына дейін Қазақстанда өмір сүрген. Оның оқушыларының қатарында еліміздің Халық суртешісі Әбілхан Қастеев бар. Сонымен қатар көптеген танымал суретшілердің сіңірген еңбегі қазіргі бейнелеу өнерінің ары қарай дамуына орасан зор деп айтып кетеміз».

 

Сурет: dic.academic.ru