Кітап көрмесінде мың жарым кітаптан жасалған Қазақстан картасы ұсынылды

Кітап көрмесінде мың жарым кітаптан жасалған Қазақстан картасы ұсынылды

Егемен елдің жылнамасын жас ұрпақ жадына сіңіру тиіс. Осы мақсатта тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қызылордада кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Тәуелсіздік  Мәңгілік ел мұраты» атты шарада қазақ мемлекетінің құрылу тарихы мен дамуы жөнінде жарық көрген 600-дей кітап көпшілік назарына ұсынылды. Қазақ елінің ғасырлар бойғы тарихынан сыр тартқан туындылар төрт бөлімге топтастырылып қойылған. Мемлекет басшысының Жолдаулары мен қолға алған реформалары жөнінде жастарға мол мағлұмат берілген. Сонымен қатар, мың жарым кітаптан жасалған Қазақстан картасы көрмеге келушілердің таңданысын туғызды. Тәуелсіздік жылдары 100 мыңнан астам кітапқа толыққан Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қоры қазірде 470 мыңнан асып жығылады.

 

Меруерт АҢСАТОВА, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

 

Тәуелсіздік ол қасиетті, қастерлі ұғым. Ол жәй ғана тәңірдің сыйы емес ата-бабамыздың ғасырлар бойы күрескен, азаттық жолындағы қанды, дауылды жорықтарының нәтижесі болып табылады. Сондықтан тәуелсіздіктің әрбір күнінің, әрбір айының, әрбір жылының тарихын жас ұрпақ білуі керек. Тәуелсіздік түндігін алғашқы мерекелеуді осындай шарамен өткізіп жатқанына өте қуаныштымын.

 

Сурет: potodeevo.narovchat.pnzreg.ru