Мұражайға құнды жәдігер тапсырылды

Мұражайға құнды жәдігер тапсырылды

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына атақты әнші-сазгер ақын, Мәди Бәпиұлының қолданған шоқпары тапсырылды. Атақты әнші Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Мәди Бәпиұлы Қазыбек бидің ұрпағы. Қара домбырасын серік еткен әншінің халық арасына - «Үшқара», «Шіркін-ай», «Қаракесек» туындылары кең тарап, тіпті алғашқы қазақ операсында да шырқалған.  Ақынның заттарын Мұражай қорына досының туыстары тапсырды. 

 

Құдайберген БӘКИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 

Ұлы адамдармен ақылдасып, ол кісінің заттарын мұражайға тапсырған дұрыс деп шештік. Осында тұрғаны жақсы, халықтың көргені жақсы. 

 

Сурет: www.psu.kz