Ыстамбұлда қазақстандық бейнелеу өнерінің көрмесі өтіп жатыр

Ыстамбұлда қазақстандық бейнелеу өнерінің көрмесі өтіп жатыр

Ыстамбұл қаласында "Has Sanat" өнер галереясының «Алтын ғасыр» атты сурет көрмесі ашылды. Қазақ елінің мәдениеті мен өнерін таныстыратын шарада реализмнен бастап, авангард, сюрреализм ағымдарымен салынған 80-ге жуық картина көпшілік назарына ұсынылды. Алғашқы күні көрмеге Түркияның зиялы қауым өкілдері, жергілікті қазақ диаспорасы мен белгілі өнер сыншылары келіп, зор қызығушылық танытты. Атап өту керек, «Алтын ғасыр» халықаралық жобасы 10 жылда әлемнің 15 қаласының танымал өнер музейлерінде көрсетілді. «Оның мақсаты - халқымыздың төл мәдениетін кеңінен насихаттау», - дейді «Хас санат» өнер галереясының жетекшісі.

 

Жанна ЕҢСЕБАЕВА, «ХАС САНАТ» ӨНЕР ГАЛЕРЕЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

«Алтын ғасыр» - тамашалауға тұрарлық үлкен халықаралық жоба. Оның аясында қазіргі заманауи бейнелеу өнеріне машықтанған қазақстандық 40 суретшінің картинасы жұртшылықтың назарына ұсынылып отыр. Сол арқылы біз еліміздің мәдениеті мен өнерін танытып келеміз. Көрмеге келген әр адам өз талғамынан шыққан туындыны бағалап, Қазақстанға барғысы келетіндіктерін айтуда. Әрине, бұл жағдай бізді ерекше қуантады.  

 

Сурет: www.wikicity.kz