7 жасар қыздың суреті балалар мюзиклының афишасына түсіріледі

7 жасар қыздың суреті балалар мюзиклының афишасына түсіріледі

7 жасар қыздың суреті «Пеппи ұзын шұлық» балалар мюзиклының афишасына түсіріледі. Халықаралық сарапшылардан құралған қазылар алқасы екібастұздық Аруана Көпішеваның туындысы спектаклді құлақтандыратын  жарқағаз бетіне лайық деп таныды. Жалпы, жас суретшілер республикалық байқауына бейнелеу өнері мектептерінің 5 пен 9 жас аралыңындағы тәрбиеленуші қатысты. Қорытынды кезеңге еліміздің барлық аймақтарынан жіберген 30-дан астам еңбек іріктелді. Ақтық сынға өткен дарын иелері салтанатты түрде марапатталды.

 

Аруана КӨПІШЕВА, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:

 

Мен 3 жастан сурет сала бастадым. Пеппи Чулок суретін бірінші рет салдым. Мен осы конкурста бірінші орын алдым. Бос уақытымда адамдарды, табиғатты, жануарлардың суретін саламын. 

 

Сурет: el.kz