«Тарихи фотосуреттер» байқауы авторлар көрмесімен жалғасты

«Тарихи фотосуреттер» байқауы авторлар көрмесімен жалғасты

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жолданған 300 тарихи фотосуреттің  ең үздіктері таңдалды. Байқауға қатысқан 27 автор 2015 жылғы елдегі ең елеулі оқиғаларды еңбектеріне арқау еткен. Атап айтсақ,  «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Жеңістің 70 жылдығы», «ҚР Конституциясының 20 жылдығы» және «Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына» арналған сәтті көріністер көпшілік назарына ұсынылды. Байқауда әр номинация бойынша жеңімпаз атанған Қанат Нұртазин, Вадим Мударисов және Мақсат Шағырбаевтар  біріккен фотокөрмесін ашып, жұмыстарын жұрт назарына ұсыну мүмкіндігіне де ие болды. Суретшілердің еңбегін елорда тұрғындары мен қонақтары алдағы бір ай көлемінде тамашалай алады.

 

Шағырбаев МАҚСАТ, «ТАРИХИ ФОТОСУРЕТТЕР» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ,ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ:

Өзімнің 10 суретімді ұсындым,соның ішінен бағым жанып,екі суретім «Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы» және де «ҚР Конституциясының 20 жылдығы» екі номинациясын жеңіп алдым.Мен ойлаймын егер осы біздің осында қалдырып жатқан суреттеріміз келешек ұрпаққа бір «теңізге құйған тамшыдай» болсын үлес қосатын болса келешекте,біз бақыттымыз деп есептеймін.

 

 

 

Сурет: forbes.kz