«Абай» мұражайында өнер мектебі ашылды

«Абай» мұражайында өнер мектебі ашылды

Семейдегі Абай атындағы әдеби-мемориалды мұражайында «Абай» өнер мектебі ашылды. Өнер мектебі ақын оқыған Ахмет Риза мешіт медресесінің ғимаратында орналасты. Енді балалар Абай Құнанбаевтің шығармашылығымен таныса отырып, ашылған бес үйірмеге қатыса алады.  Білікті ұстаздар оқушыларды поэзия, мәнерлеп оқу, қол өнері және тоғызқұмалақ ойнауға үйретеді. Жаңадан ашылған өнер мектебіне 70 бала қатысады деп күтілуде.

 

Болат ЖҮНІСБЕКОВ, АБАЙ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұған 6 сыныптан бастап жоғары сынып оқушылары арнайы жасалған кесте бойынша үйірмеге қатысатын болады. Ақындық өнер мектебі, мәнерлеп оқу, тоғызқұмалақ, дойбы бар. Өздеріңіз білесіздер тоғызқұмалақпен, дойбыны ұлы Абай сүйіп ойнаған. Сол сияқты көркем сурет, қолөнер үйірмелері жұмыс істейтін болады.

 

 


Сурет: culturemap.kz