«Астана Опера» театрында Татьяна күні аталып өтеді

«Астана Опера» театрында Татьяна күні аталып өтеді

25 қаңтарда «Астана Опера» театры Камералық залының сахнасында «Ойпырай, сол Татьяна ма екен...» атты мерекелік концерт өтеді. Сахнада Үлкен театр солисті, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Павел Черных (баритон, Мәскеу) ән шырқайды.

 

Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлайды.

 

Тыңдаушыларға танымал әндер, романстар, квартеттер, ариялар, тамаша Татьяна есімді басты кейіпкері бар П. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан үзінділер ұсынылады. Татьянаның ролін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, нәзік те сүйкімді Айгүл Ниязова орындайды.

 

Сонымен қатар, концертте Елена Ганжа, Галина Чеплакова, Гүлжанат Сапақова, Татьяна Вицинская, Салтанат Мұратбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байғали Момбеков, Нарұл Төйкенов және т.б. өнер көрсетеді. 

 

Павел Черных Камералық залда бірінші рет ән шырқайын деп тұрған жоқ. Бір жыл бұрын көрермендер оның таң қаларлық нәзік, таза да әдемі дауысына жоғары баға берген еді. Әнші Қазақстанға сапар шегу – ол үшін әрқашан үлкен мереке екенін атап өтті.

 

– Концерт бағдарламасы әртүрлі болса да, барлық танымал шығармаларды ортақ тақырып – махаббат біріктіреді. Кеште мен жаңа опустар орындаймын, әрі олар көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын, – деді П. Черных.

 

Фортепьяно партиясын Раушан Бескемпірова орындайды. Концерт 19:00 басталады, билет құны – 2000 теңге.

 

 

 

Сурет: astana.gov.kz