Қазақтың танымал опера әншісі Жұпар Ғабдуллина өнер көрсетті

Қазақтың танымал опера әншісі Жұпар Ғабдуллина өнер көрсетті

«Астана опера» театрының жетекші әншісі Жұпар Ғабдуллина Түркияның Мерсин мемлекеттік опера және балет театрында өнер көрсетті.  Әнші Әзербайжан халқының атақты композиторы Үзеир Гаджибековтың 130 жылдық мерейлі мерекесіне орай қойылған «Көроғлы» операсында басты рөлді орындады.. Сыншылар Жұпар Ғабдуллинаға Нигярдың лирикалық ариясын нақышына келтіріп, мінсіз орындады деген баға берді.

 

Гүлмира ҚҰТТЫБАДАМОВА АСТАНА МЕМЛЕКЕТТІК ФИЛАРМОНИЯСЫ КАМЕРАЛЫҚ ХОРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 

Опера театрының хоры дауысы жақсы әншілерден тұрады. Арасында дауысы сыңғырлаған, гүрілдеген орындау шеберлігі мінсіз кәсіби әншілер де бар. Ең бастысы өнерпаздар жаңа музыка тілін үйренуде ерекше табандылық танытты.

 

Қойылымға 5 елдің танымал солистері мен дирижерлері қатысты.  Қойылым дирижері әзербайжандық Рауф Абдуллаевқа бұл туынды жақсы таныс болса, италиялық Лоренцо Солоданато, өмірінде тұңғыш рет шығыс операсына дирижерлік жасауда.

 

Лоренцо СОЛОДАНАТО ҚОЙЫЛЫМ ДИРИЖЕРІ:

 

Операға ерекше қызығып, айрықша ден қойдым. Өйткені ол менің репертуарымнан мүлдем бөлек. Өзім Италия тумасы болғандықтан, көбіне неміс, француз операларына дирижерлік еттім. Сондықтан бүкіл түркі халықтарының ортақ құндылығы деп есептелетін осы ұлы шығарманы орындау мен үшін үлкен абырой.

 

Жұпар Ғабдуллина өз кейіпкерінің болмыс-бітімін шынайы жеткізе білді. Ал, Гасанханның рөлінде Қырғыз елінің еңбек сіңірген артисі Бақытбек Ыбыкеев ойнады. Өнерсүйер қауым әншілердің орындау шеберлігіне тәнті болып, ұдайы қошемет көрсетумен болды.

 

Жұпар ҒАБДУЛЛИНА ОПЕРА ӘНШІСІ:

 

Бұл операда Нигярдың образы менің жан-дүниеме өте жақын. Өйткені мұнда лирика бар, рухы мықты батыр қыздың образы бар. Драмматикалық кездері бар. Жалпы лиркалық, драмматикалық сопранаға жазылған. Меніңше, махаббат - мәңгі тақырып. Сондықтан осы рөлді жақсы орындап шығуға тырысамын. Әріптестерімнің барлығына сәттілік тілеймін.

 

Халық аңыздарының негізінде жазылған Үзеир Гаджибековтың «Көроғлы» операсы  алғаш рет 1937 жылы сахналанған екен. ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауымен опера 2009 жылдан бері Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркияда тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Тіпті Мерсин мемлекеттік опера және балет театры қойылымды өз репертуарына енгізді. Болашақта өнер ұжымы өзге елдерге гастрольге шығуды да жоспарлап отыр.

 

Сурет: yvision.kz