Қазақстан артистері «Карло Феличе» театрында өнер көрсетті

Қазақстан артистері «Карло Феличе» театрында өнер көрсетті

Қазақ артистері "Экспо" көрмесіне арнайы репертуар дайындап жатыр. Бұл бағыттағы жұмысты "Астана Опера" театрының ұжымы бастады. Театр директоры Төлеубек Әлпиевтің айтуынша, көрме қонақтарына "Қыз Жібек", "Абай" секілді ұлттық операның жауһарлары мен классикалық музыканың үздік әлемдік үлгілері ұсынылады. Жауапты шараға әзірленіп жатқан әртістер шетелде шеберлік шыңдауда. Мәселен, жаңа жылдың алғашқы күндері олар Италияның Генуя қаласына гастроль жасап, әйгілі "Карло Феличе" театрының сахнасында өнер көрсетті. Талғамы жоғары көрермен алдында 6 бірдей отандасымыз өнер көрсетіп, қошаметке бөленген.

 

Төлеубек ӘЛПИЕВ, «АСТАНА ОПЕРА»  МЕМЛЕКЕТТІК ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Алты қазақстандықтар бірден Италияда, осындай белгілі театрда өнер көрсеткені ол мәдениетіміздің,  өнеріміздің тарихында алғашқы рет болғай жайт. Сонда бір журналист жазыпты. "Супер Богема по казахский" деп. Өте жоғары баға беріп әншілерімізге, келесі жылы басқа операларға қатысады деген келісімге қол қойды.

 

Сурет: www.voxpopuli.kz