Қостанайлық ағайынды Аңқауовтар жүннен сурет салады

Қостанайлық ағайынды Аңқауовтар жүннен сурет салады

Қостанайлық ағайынды Аңқауовтар жүннен сурет салады. Жігіттер мүмкіндігінің шектеулілігіне қарамастан, өнердің бұл түрін кәсіпке айналдырған. Олар өз дизайнерлік жұмыстарына  инновациялық патент алып, шетелдік көрмелерге ұсынып отыр. Алдымен жүнді тазалап,  түтіп, әбден өңдейді. Түрлі түске бояп, әр түрінен 200 граммнан кем болмайтындай етіп жинайды.

 

Арлан АҢҚАУОВ, ДИЗАЙНЕР-СУРЕТШІ:

Қостанайда ғана емес, бүкіл Қазақстанда тіпті әлемде мұндай технология жоқ. Біздің техника жүннен дайындалады. Материал экологиялық таза өнім. Қой жүнінен жасаймыз. Бұрын ата-бабаларымыз текемет басып, киіз жасаған ғой. Бұл соның жаңа замануи бағыты десек те болады. Жүнді ұсақтаймыз. Кесеміз. Жапсыру бағыты деп аталады. 

 

Бүгінде қостанайлық жігіттердің ұлттық бағытта жұмыс істейтін өз авторлық дизайн студиялары бар. Туа бітті тірек-қимыл аппаратының бұзылуы жұмысқа кедергі бола алмайды дейді ағайынды жігіттер.  Бүгінде олардың  коллекциясында жүздеген туынды бар. Жақында ғана шеберлер Араб Әмірлігінде көрме өткізіп келді. 

 

 

 


Сурет: massaget.kz