Петропавлда рождестволық көрме ашылды

Петропавлда рождестволық көрме ашылды

Петропавл бейнелеу өнері музейінде «Рождестволық қиялдар» атты көрме ашылды. Оған Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген 100-ден астам автор қатысты. Олардың ең кішкентайы - 4 жаста болса, үлкені – 18-де. Он саусағынан өнер тамған шеберлер 250-ге жуық еңбек жолдағанымен көрмеге соның жартысы ғана қойылды. Балалардың бірі - қиялдарын қағаз бетіне түсірсе, енді бірі - мата, шыны, тағы басқа материалдарды қолданған. Үздік деп танылған жұмыстар жоғары бағаланып авторлар марапатталды.  

 

Жібек ЖҮЗЕНОВА, МҰРАЖАЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Орындау техникасына келетін болсақ, өте жақсы. Өте жоғары деңгейде орындалған. Қолданбалы өнер туындылары да бар. Олардың ішінде батик өнері жақсы көрсетілген. Кинусайга деп аталатын жаңа техника қосылып жатыр, биыл. Витраж техникасында өте көп жұмыстар ұсынылды.