Қарағандылық студенттер ұсынған жоба жүлделі болды

Қарағандылық студенттер ұсынған жоба жүлделі болды

Қарағандылық студенттер халықаралық фестивальге қатысып, олжалы оралды. Сайыс Итальяның Флоренция қаласында өткен. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері болашақта жүзеге асатын «заманауи технологиялар мұражайы», «ақылды үй», «салтанат сарайы» мен «технопарк» сынды нысандардың жобаларын апарыпты.  Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық байқауға 15 елдің 40-қа жуық жоғары оқу орны қатысты. Сайыста жас архитекторлар, құрылысшылар мен дизайнерлердің 200-ден астам жұмысы таныстырылды. Ал жерлестеріміздің төрт бірдей жобасы жүлделі орындарға ие болды. 

 

Марат ИМАНОВ, ҚАРМТУ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:

 

Биыл халықаралық жарысқа алты жұмысты қойдық, олардың балығы 3,2,1 ші орындарды алып келді. Итальяндық архитекторлар біздің балалардың идеясын, архитектура жағынан өмірге деген көз қарастарына мән берді. Сол елдің үздік архитекторлары осындай шешім қабылдады. Біз оған қуанамыз, осындай талантты студенттеріміздің бар екеніне.

 

Сурет: ugranow.ru