Маңғыстаудағы украин этномәдени бірлестігіне - 25 жыл

Маңғыстаудағы украин этномәдени бірлестігіне - 25 жыл

Биыл маңғыстаудағы украин этномәдени бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толды.

 

Кестемен өрнектелген жейделер, дала гүлдерімен өрілген бас киімдер мен әуезді ән, әсерлі би. Украин ұлтына тән ұлттық бояуды дәріптеуге «Смеричка» ансамблінің қосқан үлесі зор. Осыдан 17 жыл бұрын құрылған бұл топ этномәдени бірлестіктің атын бүкіл республикаға танытты.

 

Валентина ПОНОМАРЕНКО, "СМЕРИЧКА" АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Менің ұлтым - орыс. Алайда, музыка адамдарды ұлтқа бөлмейді, біріктіреді. Біздің қоржынымызда 300-ден астам ән бар. Басым бөлігі, украин халқының әуендері мен орыс тіліндегі әндер. Қазақ халқының ұттық әндерін де сүйіп орындаймыз. Әсіресе, Абайдың туындылары жанымызға жақын. Шығармашылығымыз арқылы халыққа еліміздегі татулықты насихаттап жүрміз.

 

Тарихы 90-жылдардан бастау алатын украин этномәдени бірлестігінің бүгінде 2 мыңнан астам мүшесі бар.

 

Татьяна ЛЕСНИЧЕНКО, Т.ШЕВЧЕНКО АТЫНДАҒЫ УКРАИН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Елбасы әр жолдауында елдің татулығы бәрінен маңызды екенін атап өтеді. Бұл - тарихтың өзі дәлелдеген шындық. Бірлігі мығым елдің бағындырмайтын қамалы жоқ, алар асуы да алда. Қазақстандағы татулықтың арқасында мерейтойымызды тойлап жатырмыз.

 

 

 

Сурет: akbars.kz