Астанада «Көшпенділер» көрмесі өтті

Астанада «Көшпенділер» көрмесі өтті

Астанада белгілі қазақстандық суретші, «Болашақ» президенттік сыйлығының лауреаты Марат Ғабдрахмановтың күміс және қоладан жасалған мүсіндерінің көрмесі ашылды. Ұлттық музейге автордың  50-ге жуық туындысы қойылды. Тақырыбы «Көшпенділер» мәдениетіне арналған көрмеде, қазақ халқының көне тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрі паш етілген. Ерекшелігі бұндағы бұйымдардың барлығы дәнекерлеу техникасымен жасалған. Ал кейбір мүсіндер тіпті керекке жарамай қалған темірден құрастырылған. Осыған дейін туындылар Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайында, Ресей және АҚШ галереяларында қойылды. Мүсіншінің дербес көрмесі 24 қаңтарға дейін жалғасады.

 

Марат ҒАБДРАХМАНОВ МҮСІНШІ:

 

Мынау мүсіндер бәрі мәдениет туралы, тұрмыс туралы. Он жылдың ішінде істелген заттарды мынау Астанаға әкеліп. Көрсін деп халық. Сондай пікірмен ашып жатрмыз мына көрмені. Соңғы уақытта шығарып жатқан заттарым темірден сваркілеп технологиямен, сол маған қызық қазір. Бұйырса, болашақта, сондай техникамен айналысқым келеді.

 

Сурет: kostanaytany.kz2