«Қазақстан-Ресей» альманахы жарыққа шықты

«Қазақстан-Ресей» альманахы жарыққа шықты

«Қазақстан-Ресей». Дәл осындай атаумен Мәскеуде екі ел қаламгерлерінің шығармалары енген әдеби альманах жарыққа шықты. Жинақ  Қазақстан Жазушылар одағы, «Литературная газета», «Роман-газета» басылымдарының және Мәскеудегі Қазақстанның дипломатиялық миссияның ат салысуымен жарық көрді.  Альманахқа Олжас Сүлейменов, Юрий Поляков, Әбдіжамал Нүрпейісов, Владимир Личутин, Әбіш Кекілбаев сынды танымал ақын-жазушылардың шығармашылығы енді. Еңбектің тұсау кесер рәсімінде сөз алған Ресейдегі Қазақстан елшісі Марат Тәжин альманахтың маңыздылығы туралы айта келе, ойын Елбасы сөзімен сабақтады.

 

Марат ТӘЖИН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 

Ол сөздер «Заманның қауіп-қатеріне мәдени жадымызды, рухани үндестігімізді және ғұрпымызды сақтағанда ғана қарсы тұрамыз. Мәдениетін жоғалтқан ұлт - ұлт болудан қалады» дегенге саяды. Менің ойымша, бұл сөздерге алып-қосар ештеңе жоқ. Біз қазақ халқының мәдени жадына сырттағы зиялылардың да үңілгенін қалаймыз. Дос әрі тарихы тамырлас орыс мәдениеті тарапынан қызығушылық болса, тіптен тамаша.

 

Михаил ШВЫДКОЙ, РФ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АРНАЫЙ ӨКІЛІ:

 

Бұл жаңа ақиқатты түсінудің амалы. Тек жазушы сөзі ғана, өзге халықтың жанын түсінуге жол ашады. Егер сен өзге халықтың жанын түсінсең, оны жақсы көре бастайсың.

 

Сурет: el.kz