«Этно-Fashion» республикалық фестивалі өтті

«Этно-Fashion» республикалық фестивалі өтті

Санғасырлық тарих ұлттық киімдер мен қолөнер туындылары арқылы жеткізілді. Астанада 12 өңірден 70-тен астам сәнгер мен дизайнерлер қатысқан «Этно-Fashion» республикалық фестивалі өтті. Әсем тастармен безендірілген  түрлі-түсті киімдердің басты артықшылығы -  ұлттық нақышта орындалуында.          Сан түрлі киім үлгілері 12 аталым бойынша бағаланды. Ал үздік шеберлер Мәскеу қаласында өтетін «Этно-Эрато» байқауы аясындағы ұлттық киімдер фестиваліне жолдама алмақ.

 

Айдархан  ҚАЛИЕВ, ДИЗАЙНЕР:

Біз жұмыс істеп жатқан стиль неофольклор деп аталады.  Бұл  - ұлттық киімге қарап отырып, қазіргі заманға сай киімдерді жобалау. Сұраныс көп. Негізінен көп шығарсаң, киімнің бағасы да төмен болады. Сол үшін жеңіл өнеркәсіпті көтеру керек. Дизайнерлердің идеялары бар.

 

 

Сурет: kamwa.kdenisb.org