"Түріксойдың опера күндері" фестивалі өтті

Ыстамбұлда дәстүрлі "Түріксой опера күндерінің" фестивалі өтті. Концерт Түркия және Кипр сахналарында қойылды. 22-ші Халықаралық опера және балет фестивалінің қорытынды концерті Анталиядағы көне Аспендос театрында болды. Биылғы фестивалдің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл жолы балет әртістері де өнер көрсетті. Қазақстан мемлекеттік "Астана-Опера" театрының әншілері Хачатурянның "Спартак" балетіндегі Адажионы орындады. Жыл сайын Түріксой фестивалі өз қойылымдарын түркі әлеміне белгілі тұлғаларға арнайды. Былтырғы концерт Қазақтың ұлы композиторы Мұқан Төлебаевқа арналған болатын. Ал биыл Қырғыздың дарынды опера әншісі, талай сахнаның жарық жұлдызына айналған Болат Мыңжылқиевқа арналды.

 

Жұпар ҒАБДУЛЛИНА, МЕМЛЕКЕТТІК "АСТАНА-ОПЕРА" ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ОРЫНДАУШЫСЫ:

ТҮРІКСОЙ-дың 18-ші опера күндеріне қатысқаныма өте қуаныштымын. Осы жылы Болат Мыңжылқиевтың атына арналып отыр. Мұна Аспендос театрында бірінші рет ән шырқап отырмын маған өте ұнады. Бұл деген опера әншілері үшін үлкен мәртебе, өйткені әр әнші осындай ашық алаңда ашык амфитеатрларда ән айтқанды аңсайды, сондықтан да бүгін өте жаксы концерт болды деп ойлаймын, маған өте ұнады.

 

 

Сурет: tengrinews.kz