Астанада «Абай» операсының премьерасы өтті

Астанада «Абай» операсының премьерасы өтті

«Астана-Опера» сахнасында әйгілі қойылым «Абай» операсының премьерасы өтті. Бұл қойылым бұрынғысынан өзгерек болды.  Өйткені заманауи технологиялар мен жарық, декорациялар мейілінше түрлендіріп, классикалық қойылым жаңа келбетімен көрерменге жол тартты.   Туындының   қоюшы режиссері  Джанкарло дель Монако  Италиядан арнайы шақыртылып, бірнеше ай бойы еңбектенді.  Бір ғана сахнаны безендіру үшін 33 тонна түрлі материал жұмсалған. Ал, астаналық шеберлер, әртістерге арнап жүзге тарта жаңа киім тігіпті. Басты партияны Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер Сүндет Байғожин мен Париждегі «Гранд Операның» жезтаңдай әншісі Майра Мұхамедқызы орындады.

 

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Біздің мақсатымыз осы операда бүкіл қазақ өнерін қазақ халқының рахани байлығын кеңінен көрсету.

 

Джанкарло дель МОНАКО, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР:

Мен осындағы мамандармен ақылдаса отырып, қойылымды барынша сәтті шығуын қадағаладым. Абай қазақ үшін өте маңызды тұлға екендігін ескере отырып қандай-да бір олқылық кетпесін деп тынбай еңбек еттік. Бұл туындыны Еуропа елдеріне насихаттау керек деп санаумын.

 

 

Сурет: bnews.kz