«Аrt EXPO Malaysia» aтты көрме өтті

«Аrt EXPO Malaysia» aтты көрме өтті

Малайзияда жер-жерден келген танымал қылқалам иелері мен мүсіншілердің басын қосқан көрме өтті. Оңтүстік-Шығыс Азияда жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шара биыл тоғызыншы рет жүзеге асып отыр. Әлемнің 30 мемлекетінен, оның ішінде Индонезия, Венгрия, Үндістан, Ұлыбритания, Қытай, Корея, Жапония, Монғолия, Сингапур секілді бірқатар елдердің суретшілері  үш күн бойы өз туындыларын қалың жұртшылыққа паш етті. Жалпы, көрмеге бас-аяғы 2000 мыңнан астам  туынды ұсынылған.  2007 жылдан бері дәстүрге айналған игі-істі жыл сайын жиырма екі мыңға жуық көрермендер келіп тамашалайды.

 

Cим ПОЖИН, «АRT EXPO MALAYSIA» КӨРМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Сіз бұл көрмеде Малайзияның он саусағынан өнері тамған суретшілерінің  ғана емес, өзге елдердің дарын иелерінің де  туындысын кездестіре аласыз. Әлемнің түпкір-түпкірінен келген қылқалам шеберлері үшін бұл үлкен мүмкіндік. Өйткені, шетелдік БАҚ құралдары мен көпшілікке өз дүниелерін таныстыра алады. Екіншіден, әріптестер бір-бірімен идея, ойларымен бөлісіп жаңа дүниенің тууына себепші бола алады.

 

 

Сурет: www.artinasia.com